Мұнайға әлемдік баға төмендеуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнайға әлемдік баға төмендеуде. Бұл туралы сауда-саттық деректері көрсетті.
Brent маркалы мұнайға қаңтарлық фьючерстер құны 0,1%-ға - барреліне 48,19 долларға арзандады.
WTI мұнайына фьючерстік келісімшарттар құны 0,2%-ға - барреліне 45,97 долларға төмендеді.