Мұнайға әлемдік бағалар төмендеуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларында мұнайға әлемдік бағалар төмендеуде, бұған сауда-саттық мәліметтері дәлел, деп хабарлады Gazeta.ru.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI жеңіл мұнайына қыркүйектегі фьючерстер 2,77%-ға құлдырап, баррелі 46,77 долларға арзандады.
Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айында жеткізілетін фьючерстері 1,05%-ға, баррелі 48,95 долларға дейін төмендеді.