Мұнайгаз және энергетика кешенiнiң 80-ге жуық iрi субъектiсi президенттiк сайлаудың өтуін қолдайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнайгаз және энергетика кешенiнiң 80-ге жуық iрi субъектiсiн бiрiктiретiн «KAZENERGY» және Қазақстан энергетика қауымдастықтары, соның iшiнде ҚМГ, KEGOC, ҚазТрансОйл және «Самұрық Энерго» ұлттық компаниялары атынан 2015 жылы президент сайлауын өткiзу туралы бастамаға қолдау бiлдiредi
Бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте «KAZENERGY» қазақстандық мұнайгаз және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Бас директоры Әсет Мағауов осылай мәлiм еттi.
"Тәуелсiздiк жылдарында Қазақстан болашаққа сенiммен қарауға мүмкiндiк беретiн қомақты энергетикалық әлеует, адами капитал және ғылыми инновацияларды өрiстете отырып, жоғары қарқынмен дамыды. Алайда, әлемдегi дағдарыс құбылыстарының өсуiне байланысты Қазақстан көмiрсутекке сұраныстың төмендеуi сияқты бiрқатар сын-қатерлерге ұшырасып отыр. Елбасымыздың дана саясаты Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуде. Елдiң әр жерiнде жаңа кәсiпорындар ашылуда, жаңа жұмыс орындары құрылуда, мемлекет шағын және орта бизнеске қолдау көрсетiп отыр. Дағдарысқа қарымы ауқымды бағдарлама iске асырылуда. Отандық бизнес ЕАЭО шеңерiнде белсендi жұмыс iстеуде. Осының барлығы бiздiң Елбасының көрегендi, әрi салиқалы саясатының арқасында iске асырылуда", - делiнген қауымдастықтың бiрлескен мәлiмдемесiнде.
"2015 жылы президент сайлауын өткiзу Қазақстанға тұрақтылықты, әрі қарай өркендеуiн қамтамасыз ететiнiне және Қазақстанның әлемнiң дамыған 30 елi қатарына кiруіне табысты фактор болатынына сенiмдiмiз", - деп атап өттi аталмыш мәлiмдеменi оқып шыққан Ә. Мағауов.