Мұнайшылар бай ма

АСТАНА. KAZINFORM — Мұнайшы десе, халықтың ойына бірден жалақысы көп адам елестейді. Ал шындығында мұнайшылар біз ойлағандай бай ма? Kazinform тілшісі сала маманынан сұрап көрді.

мұнайшы
Фото: pixabay

– Қанша ақша алсаң да, көптік етпейді ғой. Бірақ мен өз қағидамды бұза алмаймын. Мұндай мәселелерді жария қылмаймын деп уәде еткенмін. Бастысы – өзімізге жеткілікті, менің көңілім толады, - дейді Марат Балданбаев.

Шымкент мұнай өңдеу зауытының қызметкері жалақыға жастардың көңілі толмайтынын жеткізді.

– Жалақыны әлі де көбейтсе жақсы болушы еді. Себебі жұмысқа келетін жастардың көңілі толмайды. Айлығымыз аз деп жұмыстан шығып, одан жалақысы көп жұмыс тауып алып жатқандар да бар. Шетелге кеткендері де қаншама. Қазір пәтер жалдап тұру өте қиын. Бірақ мен жастарға шыдам керек деп үнемі айтып отырамын, - дейді инженер-технолог.

Дүниежүзіндегі мұнай қорының 2 пайызы Қазақстанда. Ол болашақ үшін де жеткілікті. Бұл туралы Шымкент мұнай өңдеу зауытында 37 жылдан бері жұмыс істейтін ардагер мұнайшы Kazinform тілшісіне берген сұхбатында айтты.