Мұрагер кубогы: Қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Кореяны тас-талқан етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның хоккейден ұлттық құрамасы Мұрагер кубогы аясындағы екінші матчта Оңтүстік Корея командасын ойсырата жеңді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
None
None

Антон Некряч екі голдың авторы атанды. Сондай-ақ матчта Артем Лихотников, Дмитрий Быков және Эмиль Нұрғалиев ерекшеленді.

Еске салайық, турнир Оңтүстік Кореяда өтіп жатыр.

Бірінші матчта қазақстандықтар Жапония құрамасын 5:2 есебімен жеңген болатын. Юрий Михайлистің бапкерлігіндегі Ұлттық құрама 8 ақпан күні Латвиямен кездеседі.

Қазақстан - Оңтүстік Корея 5:1(1:0, 3:1, 1:0)

1:0 - Некряч (Ибрайбеков) - 12:07

2:0 - Лихотников - 32:27

3:0 - Быков (Титов, Гурин) - 34:43

3:1 - Чой Джинву - 35:47

4:1 - Нұрғалиев - 36:57 ГБ

5:1 - Некряч (Яковлев, Гурин) - 56:30

Қақпашылар: Кудрявцев - Ли Ёнсын

Соңғы жаңалықтар