Мұрат Әбенов «Атамекеннің» топ-менеджменті құрамына енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұрат Әбенов «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Ол Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Білім және ғылым вице-министрі қызметтерін атқарған. ҚР Парламенті Мәжілісінің IV-V шақырылымының депутаты.

2014 жылы М.Әбенов Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы болып істеген. 

Соңғы жаңалықтар