Мұрат Әбенов Қазақстанның «асық ату» ұлттық федерациясының президенті болып тағайындалды
АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Мұрат Әбенов Қазақстанның «асық ату» ұлттық федерациясының президенті болып тағайындалды.
Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
М.Әбенов 1965 жылы 20 тамызда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Төменарық ауылында дүниеге келген. Қазақстанның қоғам қайраткері, IV-V шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2012 жылдың 12 қарашасынан - ҚР Білім және ғылым вице-министрі.