Мұрат Әйтенов: Тарифті көтерудің арқасында ескірген желілерге ақша салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов орталық коммуникациялар қызметінде өткне брифингіде коммуналдық тарифтің өсуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұрат Әйтенов: Тарифті көтерудің арқасында ескірген желілерге ақша салынады

«Шымкенттегі жылу-электр орталықталығы мен су арнасын иемденіп отырған монпололист компаниялар тарифті көтермек. Су арнасы кәріз төлемін 30 пайызға арттырмақ. Кәріз жүйесінің тозу деңгейі 70 пайыз екенін ескерсек, бұл негізді деп ойлайсыз ба? Кәріз желісі мен коллектр құрылысына қала бюджетінен миллиондаған ақша бөлініп жатыр ғой. Монпоистердің тариф көтерсек деген тілегін қалай бағалайсыз?» - деп сұрады журналист.

Әкім бұл сұраққа елімізде тариф саясаты өзгергенін еске сала отырып жауап берді.

«Қазір елде инвестицияға тариф айырбастайтын заң ұсынылып жатыр. Қала инфрақұрылымына көп ақша салынып жатқанын айттыңыз. Ол ақшаның бәрі жаңа құрылысқа кетіп жатыр. Бұрын инфрақұрылым болмаған жерлерге төселіп жатыр. Энергетика басқармасы мен коммуналдық қызметтердің меншігінде болып келген желілер бар. Оның көбі совет заманынан бері қолданыста. Мысалы, біздегі кәріз жүйесі 67 пайыз ескірген. Біздегі су құбырлары екі топқа бөлінеді. Біріншісі мемлекет меншігінде, екіншісі жекеменшікте (75 пайызы). Қазір бұл мәселе бойынша есептеулер жүріп жатыр. Тарифті көтерудің арқасында ескірген желілерге ақша салынады. Бірақ, бұл әзірге талқылау деңгейінде ғана екенін айтқым келеді. Шешім әлі қабылданған жоқ», - деді Мұрат Әйтенов.