Мұрат Нұртілеу Александр Лукашенкомен кездесуі қалай өткенін айтып берді
Ол Беларусьте елдің сыртқы істер министрі Сергей Алейниктің шақыруымен ресми сапармен барғанын еске салды. Мұрат Нұртілеу осы сапарында екіжақты қарым-қатынастың болашағын талқылап, Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығын одан әрі дамыту бойынша нақты жоспар жасағанын атап өтті.
«Менің сапарымның ең маңызды бөлігі – Беларусь көшбасшысы, құрметті Александр Григорьевич Лукашенконың қабылдауы. Кездесу кезінде қымбатты әріптесіммен Қазақстан мен Беларусь арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамыту барысын айттық. Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың саяси диалогындағы маңызды мәселелерге тоқталдық, халықаралық жағдайды, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері бойынша көпжақты құрылым аясында өзара ынтымақтастықты талқыладық. Біздің көзқарасымыз ортақ. Сондықтан, кездесу жылы шырайлы, ашық-жарқын, өзара сенім жағдайында өтті. Енді бізді, сыртқы саяси ведомство басшыларын, алда үлкен жұмыс күтіп тұр», - деді Мұрат Нұртілеу президент Александр Лукашенкомен кездесуден кейін журналистерге берген сұхбатында.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ресми сапары бүгін Жеңіс алаңына гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Беларусь президенті Александр Лукашенко кездесу кезінде Қазақстанды үнемі қолдауға әзір екенін атап өтті.

