Мұрат Нұртілеу: Қазақстан ОА мен Кореяның өнер саласындағы креативті кәсіпкерлеріне алаң ұсынуға дайын
Қазақстан Корея мен Орталық Азия елдеріне өнер саласындағы креативті кәсіпкерлер үшін бірлескен орталықтар құруды ұсынды. Бұл туралы «Орталық Азия – Корея Республикасы» 16-ынтымақтастық форумында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу айтты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі Ашхабадтан.
«Біздің экономикаларымыздың өсімінің жаңа нүктесікреативтіқ индустрия саласы болуы тиістігі сөзсіз. Оңтүстік Кореяның тәжірибесі көрсеткендей, қазіргі заманғы әлемде креативті өндіріс инклюзивті экономиканың қозғаушы күші қызметін атқарады. Біз медиа, кино, музыка және дизайн салаларындағы креативті кәсіпкерлер үшін бірлескен орталықтар мен инкубаторлар құруды ұсынамыз және бұл үшін өз алаңыңызды ұсынуға дайынбыз», - деді Қазақстан Сыртқы істер министрі.
Мұрат Нұртілеу бүгінгі форум Орталық Азияның энергетикалық құрылымын жаңаратын және баламалы энергия көздерін дамыту бағытында трансформациялау үшін тиімді алаң болатынына сенімді екендігін айтты.
Қазақстан осы саладағы жүйелі өзгерістерді ілгерілетуге кірісті және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі ұлттық стратегияны қабылдады. Сонымен қатар Мемлекет басшымыз Алматыда Орталық Азия елдерінің климат және жасыл энергетика мәселелері жөніндегі жобалық кеңсесін құруды, сондай-ақ 2026 жылы БҰҰ қамқорлығымен өңірлік Климаттық саммит өткізуді ұсынды. Орталық Азиядағы экологиялық проблемаларды шешу ісінде әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін шоғырландырудағы өңірдің рөлін нығайтуға арналған бастамаларымызды қолдайды деп сенеміз», - деді ол.