Мұрат Нұртілеу Түрікменстан Президентімен жүздесті

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі Ашхабадтан.

сердар бердімұхамедов
Фото: Түрікменстан президентінің баспасөз қызметі

«Өздеріңізде білетіндей, бұл елге осыдан 3 күн бұрын Сыртқы істер министрі Рашид Мередовтің шақыруымен келген едім. Сапар аясында Сыртқы істер министрлігінде келіссөз өтті. «Орталық Азия – ЕҚЫҰ» форматында кездесу болды. Бүгін «Орталық Азия - Корея» форматында тағы бір кездесу өткізбекпіз. Меніңше, бұл - ортақ мәселелерімізді талқылау үшін өте тамаша мүмкіндік. Әрине, сіздердің Мемлекет басшыңыздың ресми қабылдауы Түрікменстанға келу бағдарламамның негізгі пункті саналады», - деді Мұрат Нұртілеу кездесуден кейін Қазақстан және Түрікменстан БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Осы орайда Қазақстан Сыртқы істер министрі Түрікменстан Президентіне өте жылы қабылдап, ашық әңгімелескені үшін ризашылығын білдірді. 

Түрікменстан президентінің баспасөз қызметі
Фото: Түрікменстан президентінің баспасөз қызметі

 

«Бауырлас елге ұшып келгенімді сезіндім. Біз еліміздің екіжақты, көпжақты сипаттағы ынтымақтастық мәселелерін талқыладық. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сіздердің Президентке жылы лебізін, ізгі тілегін жеткіздім. Сонымен қатар екіжақты күнтәртібінің бірқатар мәселесіне қатысты пікір алмастық. Оның ішінде екіжақты саяси диалогымызды жандандыру немесе жоғары қарқынын ұстап тұру, БҰҰ, ИЫҰ, Орталық Азия Мемлекет басшыларының консультативтік кездесулері сынды көпжақты құрылымдар аясындағы іс-қимылымыз жайлы сөйлестік»,- деді ол.

Мұрат Нұртілеу Қазақстан мен Түрікменстанның ұстанымдары бір-бірімен сай келетінін сөз етіп, Астана мен Ашхабад арасындағы өзара іс-қимыл жемісті болатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар министр екі ел арасындағы сауда-саттық қарқыны жоғары екенін атап өтті. 

Түрікменстан президентінің баспасөз қызметі
Фото: Түрікменстан президентінің баспасөз қызметі

Айтуынша, алдағы уақытта оның көлемін 1 млрд долларға жеткізу жоспарланып отыр. 

«Мұндай уағдаластыққа 2021 және 2022 жылдары Мелекет басшылары деңгейіндегі екіжақты сапар барысында қол жеткен болатын», - деді Қазақстан Сыртқы істер министрі.

Францияның әскери полигонында өткен заңсыз кеште 30-дан астам адам зардап шекті
Ұқсас жаңалықтар

Францияның әскери полигонында өткен заңсыз кеште 30-дан астам адам зардап шекті