Мұрат Оспанов сот санкциясымен тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана соты ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспановты қамауға алуды санкциялады, деп хабарлады қаржы полициясы агенттігінің баспасөз қызметінен.

Мұрат Оспанов сот санкциясымен тұтқындалды

«Қаржы полициясы агенттігі оған табиғи монополияларды қолдау үшін 300 мың доллар көлемінде пара алды деген айып тағып отыр. Оспанов уақытша ұстау оқшаулағышынан тергеу изоляторына ауыстырылды», - делінген таратылған хабарламада.

Еске сала кетейік, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы 1 шілдеде ұсталған. Бастапқыда қаржы полициясы оны 200 мың доллар көлемінде пара алды деп айыптаған болатын.