Мұрат Сапарбаев батыс елдері мен Қазақстан арасында зертхана құруды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Густав Рози (Франция) институтының директоры Мұрат Сапарбаев батыс елдері мен Қазақстан арасында тәжірибе алмасу жөніндегі айналы зертхана құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұрат Сапарбаев батыс елдері мен Қазақстан арасында зертхана құруды ұсынды
Фото: akorda.kz

«Қазақстанның дамуын қадағалап, көптеген университеттермен және орталықтармен коллаборация арқылы оған белсенді қатысамын. Өте көп студенттер мен ғалымдар менің зертханама келеді. Мен бұдан Қазақстанның стратегиялық бір басымдығын – біздің ашық жүйемізді көріп отырмын. Өте маңызды екінші элемент – білімнің қолжетімділігі. Ол бізде тегін десек те болады. Тағы екі элемент республиканың интеллектуалды әлеуетін қалыптастырады. Оны мұнайдан ерекшеленетін жаңаратын энергия көздері мен байлық дер едім. Қазіргі уақытта жиналып жатқан осынау зияткерлік әлеует ерте ме, кеш пе өзін-өзі ақтауы тиіс», - деді ғалым Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында.

Оның атап өтуінше, ғылымың міндеті болашақтың проблемасын шешуге және болашақ стратегиясын дамытуға негізделеді.

«Батыс елдерінің үлгісінде қартаюдың болашақтық үлкен проблемаларының бірі екендігін көріп отырмыз. Оны сәтті шешу үшін ертерек нақты бір қадам жасау қажет. Алматы, Астана университеттерімен ынтымақтастықта біздің зерттеулеріміз незгізінде кешенді бағдарлама жасауды ұсынамын. Яғни, болашақ ұрпақтың денсаулығын жақсарту үшін батыс елдері мен Қазақстан арасында тәжірибе алмасу жөніндегі айналы зертхана құру қажет», - деді ол.