Мұражайдан Левитанның 5 картинасы ұрланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Плесск мемлекеттік тарихи-сәулеттік жіәне көркем мұражай-қорығынан Исаак Левитанның бес картинасы ұрланды, деп хабарлады Иванов облысының мәденет және мәдени мұра департаментінің бастығы Светлана Шмелева.

Мұражайдан Левитанның  5 картинасы ұрланды

Оның айтуынша, сейсенбіге қараған түнде белгісіз адамдар терезе арқылы мұражайға кіріп, Левитанның «Тұнық өзен», «Раушан гүлдері», «Өзен иірімі» сияқты картиналарын үптеп кеткен.

Алдын ала есеп бойынша келтірілген шығын 77 млн. рубльді құрайды, деп атап өтті Шмелева.