Мурманск облысында қаралы күн жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Мурманск облысында дүйсенбі - 2 маусым қаралы күн болып жарияланды. Бұл күні облыста РФ тулары түсіріліп, телеарналардан ойын-сауық бағдарламаларын көрсетуге тыйым салынады. Ел тікұшақ апатынан қаза тапқандарды аза тұтады, деп жазады ИТАР-ТАСС.
None
None

Соңғы ақпараттар бойынша, Ми-8 тікұшағы апатынан қаза болған 9 адамның денесі табылды. Онда барлығы 18 адам болған: бесеуі экипаж мүшелері, 13-і жолаушылар. Олардың тек екеуі тірі қалған. Қалғандары аман қалмады деген болжам айтылуда. Енді 7 адамның сүйегі іздестірілу үстінде.

Денесі табылған 9 адамның 5-еуінің кім екені анықталған. Олардың бірі "Апатит" компаниясының директоры болып шықты.

Соңғы жаңалықтар