Мұрнымен мәтін теріп, рекорд орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан тұрғыны Хуршид Хусейн мұрнымен клавиатурада мәтін жазу жылдамдығы бойынша рекорд орнатты.

Мұрнымен мәтін теріп, рекорд орнатты

23 жастағы жігіт 47 секунд ішінде 103 символдан құралған мәтінді жазып шықты. Хусейн мәтінді мұрнымен жылдам теру үшін күн сайын алты сағаттан жаттығып отырған.

Бұдан бұрын ол саусақтарымен ағылшын алфавитін 3,43 секунд ішінде теріп, Гиннесс рекордын орнатқан болатын, деп хабарлайды Lenta.Ru.

Мұның алдындағы осындай жетістік 2008 жылы БАӘ-де тіркелген еді. Онда жергілікті тұрғын Хусейн терген дәл осы мәтінді мұрнымен 1 минут 33 секунд ішінде жазып шыққан.