Мұртаза Рахимов өз еркімен отставкаға кетті - Башқұртстан президентінің уақытша міндетін атқарушы болып Рүстем Хамитов тағайындалды

АСТАНА. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат - Башқұртстан президентінің уақытша міндетін атқарушы болып Мұртаза Рахимов өз еркімен отставкаға кеткеннен кейін Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медеведевтің Жарлығымен Рүстем Хамитов тағайындалды, деп хабарлайды РБК.

Мұртаза Рахимов өз еркімен отставкаға кетті - Башқұртстан президентінің уақытша міндетін атқарушы болып Рүстем Хамитов тағайындалды

«Башқұртстан президентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқатуы туралы» Жарлықта Д.Медведев «Мұртаза Рахимовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуы өз өтініші бойынша қабылданды» делінген.

Рүстем Хамитов республика президентінің уақытша міндетін атқарушы болып, жаңа тұлға қызметке тағайындалғанша өкілеттігін жүргізеді. Бұған дейін Р.Хамитов «РусГидро» ААҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

Д. Медведев екінші бір Жарлығымен М. Рахимовты республиканың әлеуметтік экономикалық дамуына сіңірген ұзақ жылғы жемісті мемлекеттік еңбегі үшін» - І дәрежелі «Отан алдында сіңірген еңбегі үшін» орденімен марапаттады.