«Мұртты қорғандар» Шотландиядағы Стоунхэнджден еш кем емес

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы «Мұртты қорғандар» Шотландиядағы Стоунхэнджден еш кем емес. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын айтты.
None
None

Оның мәліметінше, Сұлтанмахмұт Торайғыров жатқан жерден 400 метр қашықтықта орналасқан Торайғыр көлінің маңындағы «Мұртты қорғандар» Шотландиядағы Стоунхэнджден кем түспейді. Биіктігі 8 метрлік 16 тас тура сол Стоунхэндж сияқты орнатылған. Облыста осы және басқа да жәдігерлерді қалпына келтіру мәселесі қарастырылуда.

«Елбасы Н. Назарбаевтың тарихты зерттеуге байланысты алға қойып отырған тапсырмаларына сәйкес үлкен тарихи зерттеу жұмыстарын бастау жоспарымызда бар. Біздің облысымызға қатысты тарихи жәдігерлер өте көп. Мәселен үш ғасырға созылған (8-11 ғғ) Қимақ тарихы, Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы, Мұса Шорманұлы, Естай Беркімбайұлы, Жаяу Мұса сынды ұлы бабаларымыздың жатқан жерлері. Осылардың барлығы біз үшін баға жетпес тарихи құндылық», - деді облыс әкімі.

«Баянауылға келер болсақ, бұл өңірді Сарыарқаның төрі, жүрегі деп айтуға болады. Сондықтан Баянауыл тарихы, өңірі туралы мұражай ашылса деген ойдамыз. Сонымен қатар, Баянауыл тек тұнып тұрған тарих қана емес, ол тұмса табиғат мекені. Болашақта Баянауыл ұлттық саябағын да жақсылап қолға алу жоспарымызда бар», - деп атап өтті Е. Арын.

Соңғы жаңалықтар