Мұрынды адамдар тұмаудан жақсырақ қорғалған, дейді ғалымдар
АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат - Мұрынды адамдар суық тиюден және аллергиялық тұмаудан, басқаларға қарағанда, жақсырақ қорғалған. Британдық «Дейли мейли» басылымының жазуынша, АҚШ-тың Айова университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келіп отыр.
Олардың мәліметтері бойынша, үлкен мұрын суық тию ауруы қоздырушыларының, сондай-ақ аллергиялық тұмауды туғызатын өсімдік тозаңдарының кеңсірікке кіру жолында өзіндік тосқауылдың қызметін атқарады екен.
Мұрны үлкен адамдар, басқаларға қарағанда, құрамында вирустар кездесетін ауадағы лас бөлшектерді 7 пайызға кем жұтады екен. Зерттеушілердің айтуынша, үлкен ерін де осындай қызмет атқарады екен. Яғни, үлкен еріндер де құрамында бактериялар бар ауа мен шаң-тозаңдарды 3,2 пайызға кем жұтуға мүмкіндік береді екен.