Мүсірепов театры Шеки қаласында өтетін халықаралық театр фестиваліне қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 9-19 қыркүйек аралығында Әзірбайжан Республикасының Шеки қаласында өтетін I Халықаралық театр фестивалі өтеді. Аталмыш фестивальге Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ақын, драматург Иран Ғайыптың «Естайдың Қорланы» махаббатнамасы қойылымымен қатысады, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.

Мүсірепов театры  Шеки қаласында өтетін халықаралық театр фестиваліне қатысады

Өнер ұжымының қоюшы режиссері, ҚР еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ахманов; Қоюшы суретшісі - Индира Ихсан; Музыкасын көркемдеген - Торғын Рақымбаева.

Ақын, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Иран Ғайыптың «Естайдың Қорланы» қойылымы - жан дүниеңізге астаң-кестең түрлі күйлерді кештіріп, Махаббат - Әлемінің құдіретіне бас идірері хақ. «Естайдың Қорланы» махаббатнамасы ғұмыр бойы таза, адал да пәк ғашықтық сезімдерін аялай білген қос мұңлық - Естай мен Қорлан жайындағы қойылым-дастан.