Мұстафа Өзтүрік жайлы деректі фильм жарыққа шықты - ВИДЕО
Елін әлемге танытқан азамат Мұстафа Өзтүрік көзі тірісінде-ақ өз халқының нар тұлғасы екенін дәлелдеп кетті. Қазақ еліне келіп, таэквондо спортынан балалар мен жастарға мектептер ашып, еліміздің осы спорт түрінен федерациясының негізін қалады. Бүгінде елімізде әйгілі спортшының шәкірттерінің өзі шәкірт тәрбиелеп, дүниежүзілік масштабта жетістіктерге жетіп жүр.
Қазақстанда Таэквондо федерациясының негізін қалаушы, спорттың сайыпқыран саңылағы Мұстафа Өзтүрік биыл көзі тірі болғанда 60 жасқа толар еді. Өкінішке орай, даңқты тұлғаға 23 қараша күні мерейтойын халқының ортасында тойлау бақыты бұйырмаған екен. Бүгін даңқты тұлғаның өмір жолына арналған «Алаштың айбоз ұлы» атты деректі фильм жарыққа шықты. Жоба авторы - Арман Шораев болса, режиссері - Мұрат Белгібаев.