«Мұстафа Өзтүрік жүлдесі»: Таеквондо үздіктері Астанада анықталады
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласында 2025 жылдың 1 ақпаны күні Астанадағы Rixos қонақүйінің «Жерұйық» залында «Қазақстан WT таеквондо федерациясының» ұйымдастыруымен «Мұстафа Өзтүрік жүлдесі» салтанатты іс-шарасы өтеді.

Салтанатты іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрі, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің, ҚР Ұлттық Паралимпиадалық комитетінің жетекшілері, мемлекеттік орган өкілдері, сондай-ақ, спортшылар, бапкерлер, төрешілер мен таеквондо және пара таеквондо ардагерлері қатысады.
Іс-шара аясында жыл қорытындыланып, 2024 жылы ірі жетістіктерге жеткен әрі аталған спорт түрінің дамуына зор үлес қосқан спортшылар, бапкерлер және төрешілер марапатталады.
«Мұстафа Өзтүрік жүлдесі» – қазақстандық таеквондо спортының жетістігін асырып, осы спорт түрінің елімізде кең таралуына үлес қосқан ұлы тұлғаны есте сақтау мақсатында өткізілетін жыл сайынғы жүлдеге айналмақ.
«Қазақстан WT таеквондо федерациясы» аталған іс-шараның дәстүрге айналып, таеквондоның Қазақстандағы дамуына тікелей әсер ететін және осы спорт түрінің құндылықтарын арттыратын жоба боларына сенім білдіреді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Астанада Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы мүшелерінің кезектен тыс жиналысы өтіп, федерацияның жаңа президенті сайланғанын жазған болатынбыз.