Мұстафа Шентоп: Елбасы мақаласы түркі әлемінің құндылықтары тұрғысынан маңызды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасының орынбасары Мұстафа Шентоп Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Өткен аптада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланғанын білеміз. Бұл мақалада Ұлы Жібек жолының алдыңғы қатарлы рөліне ерекше тоқталған. Сонымен қатар, онда түркі әлемінің құндылықтарына қатысты ой білдірді. Осы орайда ҚР Мемлекет басшысының бұл мақаласына үлкен маңыз беріп отырмыз», - деді Мустафа Шентоп ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған халықаралық парламенттік конференцияда.

Сонымен қатар, ол Қазақстан Орталық Азия өңірінде үлкен рөлге ие екенін атап өтті.

«Қазақстан осы өңірде және әлемде үлкен маңызға ие ел болып отыр. Бүгінде әлемдік қоғамдастық Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылық үшін, сондай-ақ шиеленістерді шешуге қатысты халықаралық бастамаларына жоғары баға беруде», - деді Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Астана - жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы» тақырыбында халықаралық парламенттік конференция басталды.

Еске сала кетейік, конференция барысында Өзбекстан Олий Мажлисінің спикері Нуриджон Исмоилов Елбасы мақаласына қатысты пікір білдірді.

 

Соңғы жаңалықтар