Мұстафа Шоқайды еске алуға арналған республикалық турнир өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12-13 желтоқсан күндері Қызылорда облысының Шиелі кентінде ҚР Тәуелсіздігі күні аясында Мұстафа Шоқайды еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұстафа Шоқайды еске алуға арналған республикалық турнир өтеді

Турнир 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өтеді.

Осымен 12-ші мәрте ұйымдастырылатын додаға Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай  және Қызылорда облыстарынан 200-дей балуан бақ сынайды.

Жарыс 9 салмақта (38, 42, 46, 51, 57, 64, 73, 81, +81 келі) өткізіледі.

Республикалық турнирді Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Шиелі ауданының әкімдігі ұйымдастыруда.