Мұстафа Шоқайды сатқын деп көретіндер әлі бар - ғалым Ә.Қара
АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Орыс ғалымдарының арасында Мұстафа Шоқайға әлі күнге дейін сатқын деп қарайтындары бар.
Бүгін Астанада өткен жиында белгілі ғалым, профессор Әбдіуақап Қара осы мәселені ерекше атап өтті.
«Демек, олар қазақ ғалымдарының жетістіктерінен мүлдем хабарсыз. Олар сол баяғы деректермен сөйлеп, Мұстафа Шоқайды әлі күнге дейін сатқын деп отыр. Әрине, олар өз мүддесін ойлап жатқан болар. Бірақ біз қазақ тіліндегі зерттеу еңбектерін орысшаға аударып, орыс ғалымдарының бүгінгі көзқарасы теріс екендігін дәлелдей білуіміз қажет. Қазір олар «қазақша білмеймін» деп сылтауратады. Ал барлық дәлелдер орыс тілінде болса, олар мойындауға мәжбүр болады», - дейді Ә.Қара.