Мұстафа Шоқайдың 13 томдық еңбектерінің толық жинағы аяқталып қалды - М. Әбусейітова

АЛМАТЫ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Қазіргі уақытта Мұстафа Шоқайдың әр томы 30 баспа табақтан тұратын 13 томдық еңбектерінің толық жинағы аяқталып қалды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Мұстафа Шоқайдың ғылыми мұрасы және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми конференция барысында Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Меруерт Әбусейітова мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, енді ол жинақтарды мәтіндік талдаудан өткізу және археографиялық талаптар тұрғысынан өңдеу жұмыстары күтіп тұр. «Білім және ғылым министрлігі қолдаса, келесі жылдан бастап әлемнің бірде-бір елінде анологы жоқ бұл жинақтың алғашқы томдарын баспаға тапсырмақпыз»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар