Мұстафина мен Петров ҚР Орталық сайлау комиссиясына мүше болды
Бүгін Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшелері тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сәбила Сапарқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне;
Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалды.
***
Сабила Сапарқызы Мұстафина 1960 жылы 9 қарашада Ақмола облысы Ермейнтау қаласында дүниеге келген. Мамандығы ауылшаруашылығы өндірісінің экономист ұйымдастырушысы.
Алғашқы еңбек жолын етсүйекті ұн өндіруші зауытында аға экономист ретінде бастаған.
1996 жылы республикалық бюджетті орындау бойынша есептік комитетінде қызмет атқарады.
1999 жылы Гендер саясаты және отбасы ісінің ұлттық комиссиясының хатшылығын басқарды.
2002 жылы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалады.
Сонан соң, Қазақстан Республикасы Президент әкімшілік кеңсесінің бас инспекторы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшылығының бас инспекторы қызметін атқарды. 2004 жылдың қараша айында Астана қаласы әкімінің орынбасары болды.
2006-2008 жылдар аралығында Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі секторын басқарады.
2008 жылдың сәуір айында Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.
2011 жылғы 29 қарашадан бастап, Астана қаласы «Есіл» ауданының әкімі.
***
Константин Викторович Петров 1969 жылы туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын химия, биология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Ақтөбедегі № 3 орта мектебінің химия және биология пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейінірек осы мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған.
Сондай-ақ Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлық бөлімінің меңгерушісі, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болған.
Түрлі жылдарда «Казхром» АҚ әкімшілік-шаруашылық қызметі мен көгалдандыру цехы бастығының орынбасары, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, облыстық Ішкі саясат басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.
2009 жылдан бері облыс әкімі аппаратының басшысы.