02:21, 31 Тамыз 2014 | GMT +5
Мұсылман әйелдеріне пәренжімен суға түсуге тыйым салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Марокко мемлекетінің бірқатар жағажайларында жаңа заң қолданысқа енді. Енді мұсылман әйелдеріне жағажайлар мен бассейндерде «буркини» («burkini» сөзі пәренже сөзінен шыққан) киіп суға түсуіне болмайды, деп жазады muslim.kz.

Марокколықтар өздерінің осы бір шешімдерін «гигиеналық себептерге» байланысты деп отыр. Айта кетейік, мұсылмандардың суға түсу киімі АҚШ, Ұлыбритания мен Австрия мемлекеттерінде рұқсат етілген.