Мұсылман әйелі өз қаржысына балабақша ашты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көршілес қырғыз елінде тұратын Таалайкүл Бегалиева есімді мұсылман әйелі өз қаржысына балабақша ашуды жөн санапты, деп жазады muslim.kz.
«Баламды жақсы балабақшаға бергім келіп көп іздедім. Тіпті, бірнешеуін ауыстырып та үлгердік. Ақыр соңында өзім балабақша ашуға бел байладым. Алғашында көптеген қиындықтар болды. Қажетті құжаттарды жинау барысында бармаған жерім, қақпаған есігім қалмады. Қанша күш-жігерім мен уақытым кетті десеңізші!» - деп еске алады ол.
Таалайкүл қазір өзінің балабақшасында 15 бүлдіршінді тәрбиелеп отыр. Дегенмен, балабақша ғимараты 50 бүлдіршінге арналған көрінеді.