«Мұсылман бауырлар» қозғалысының көшбасшысы Каирде ұсталды
АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Мысыр астанасында «Мұсылман бауырлар» ұйымының рухани ұстазы Мұхаммед Бадия ұсталды.
Бұл туралы Ресей Жаңалықтар агенттігі хабарлады.
Жергілікті БАҚ-тардың мәліметтеріне сәйкес, ол Каир қаласының маңындағы күшейтілген режимдегі түрмеге жеткізілді.
Бұған дейін Мысырдың күш құрылымдары ұйымның жоғарғы тәлімгерінің бірқатар орынбасарларын - Хайрат аш-Шатыр мен Рашад аль-Байюмиді тұтқындаған болатын. Қозғалыстың басшылығына, сондай-ақ тақтан тайдырылған ел президентіне қатысты тыңшылық, зорлық-зомбылыққа азғыру және мемлекет экономикасына үлкен шығындар келтіру фактілері бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Өткен аптада қақтығыстар барысында от жарақатынан Мұхаммед Бадияның ұлы - Омар аль-Бадия қаза болды. Ол «Мұсылман бауырлар» қозғалысының әскерилерге қарсы қақтығысына қатысқан болатын.
Еске салайық, Мысыр президенті Мұхаммед Мурси мысырлық әскерилермен оның басқарушылығына қарсы көпшіліктің наразылық көтерілістері барысында 3 шілде күні тақтан тайдырылды.