Мұсылман қала әкімі Парижді гүлдендіруде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Негізгі мамандығы дәрігер-кардиолог болып табылатын Арджуманд Хашмидің қала әкімі ретінде қалайтыны - қала тіршілігіне қан жүгіртіп, тұрғындарын бақытты ету. Осы бағытта ол қаншама игі бастама мен іс-шаралардың ұйытқысы болды, деп хабарлады muslim.kz.
Тегі пәкістандық бұл мұсылман жігіті Даллас қаласынан 100 миль қашықтықтағы Париж қалашығының әкімі қызметін атқарады. Әрі кардиолог-дәрігер және өзінің бизнесі де бар. Ол өзінің бизнеспен айналысуын да 25 000 тұрғыны бар кішкене қалашықтың гүлденуімен байланыстырады.
«Менің діни сенімім қызметіме кедергі келтірмегеніне қуанамын, - дейді Хашми өз сұхбатында. - Дегенмен, кей-кейде мұсылман қала әкіміне сене аламыз ба деген сұрақтарды құлағым шалып қалады».