Мұсылман қызы Норвегияның мәдениет министрі болды

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Норвегия премьер-министрі Йенс Столтенберг 29 жасар Хадия Тайикты мәдениет министрі етіп тағайындады.

Мұсылман қызы Норвегияның мәдениет министрі болды

 Хадия Тайк бұл ел тарихындағы ең жас министр және алғашқы мұсылман.

Өз бағдарламасын жариялаған Тайик «мәдени алуан түрлілік Норвегияның күнделікті өмірінің құрамдас бөлігі болуы қажет» деп мәлімдеді.

Пәкістандық иммигранттар отбасында дүниеге келген Хадия Тайик Норвегиядағы бірқатар жетекші бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген, кейіннен еңбек министрінің кеңесшісі ретінде әлеуметтік мәселелермен шұғылданған, деп хабарлайды «Азаттық» радиосының сайты.