Мұсылман жамағаты қайырымдылық акциясынан жиналған заттарды шіркеуге тапсырды

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Нью-Иорк мегаполисінің мұсылмандар жамағаты жүздеген жылы киім мен азық-түлік қорын Лонг-Айленд шіркеуінің кеңесіне тапсырды.

Мұсылман жамағаты қайырымдылық акциясынан жиналған заттарды шіркеуге тапсырды

АҚШ-тағы алапат аяз кезінде үйсіз жүргендерге үлестіріп беруге аманатталған азық-түлік, жылы киімдер мен жамылғыштарды жақында ғана Нассау ауданында құрылған Мұсылмандар ұйымы өз қаржыларына сатып алған. Ұйымның алғашқы жұмысы ретінде қайырымдылық шарасын өткізуді жөн санаған Хабиб Ахмед пен Мұхаммед Салех есімді екі жігіттің бастамасымен мұсылман жамағаты жылу жинап 300-ден астам жылы жамылғыш пен ұзақ сақталатын азық-түліктер сатып алған. Шіркеу қызметкері Том Гудхью мұсылмандардың қайырымдылықтарына қайран қалғанын жасырмады. Нью-Иорк қаласындағы шіркеулердің ешқайсысы да мешітке көмек көрсетуді қаперіне де алмайтынын айтқан ол мұсылмандардың игі істеріне шексіз риза екенін білдірді. Мұсылмандар ұйымы өткен жылдың қазан айында құрылған болатын. Құрамына аймақта бірнеше мешітті біріктірген ұйымның алда да атқарар жұмыстары көп болады деп күтілуде, деп жазады muslim.kz.