Мұсылмандар GOOGLE парақшасының Рамазан айына сай болуына ниет білдірді
АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Қасиетті Рамазан айының жақындауына байланысты мұсылмандар Google корпорациясына парақшаның өңделіп, қасиетті айға сәйкес боялуына ниет білдірді.
Бұл іс-шараны бастағандар әкімшілікке Facebook ғаламтор желісі арқылы қол жинай бастады. Бұл туралы webplanet.ru сайты хабарлайды.
Іс-шараны іске асырушылармен бірге, бүгінгі күні Facebook ғаламтор желісінде 320 мыңға жуық қол жиналған. Осымен тоқтамай, мұсылмандар ары қарай жалғастырып Рамазанға дейін 10 миллион қол жинай алатынына толықтай сенімді.
Рамазан айында Google парақшасының бетінде Нобель сыйлығының иегері, әлемге әйгілі мысырлық жазушы Наджиб Махфуздың және мысырдағы танымал әнші Умму Культумның суреттері қолданылатындығы жайлы Google корпорациясы хабарлап отыр.