«Мұсылмандардың пәктігі» бейнефильмін экстремистік деп тану жөнінде сот өндірісіне бастама жасалды - ҚР Бас прокуратурасы

АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін, 2012 жылғы 21 қыркүйекте прокуратура органдары мазмұнында дiни араздықты қоздырудың белгілері бар «Мұсылмандардың пәктігі» бейнефильмін экстремистік деп тану және оны Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, шығаруға және таратуға тыйым салу жөніндегі сот өндірісіне бастама жасады.

«Мұсылмандардың пәктігі» бейнефильмін экстремистік деп тану жөнінде сот өндірісіне бастама жасалды - ҚР Бас прокуратурасы

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Іс Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында қаралуда.