«Мұсылмандардың пәктігі» фильміне наразылық білдірушілер Тунисте американдық мектепті өртеп жіберді
АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Тунистің астанасында «Мұсылмандардың пәктігі» фильміне қарсы наразылық білдірушілер американдық мектепті өртеп жіберді,
деп хабарлайды Ресейлік жаңалықтар. Білім беру мекемесі осы күні жабық болған көрінеді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жайында ақпарат жоқ.
Бұдан бұрын жұма күні тұрғындардан құралған топ АҚШ елшілігі аумағына басып кіруге ұмтылған еді, алайда наразы топты полиция тоқтатты. Қақтығыстар барысында 5 адам зардап шеккен екен. Америкалық дипломатиялық миссиясы маңындағы тұраққа жанғыш қоспа салынған шөлмектерді лақтыру салдарынан ондағы бірнеше көлік өртенген.
Бюджеті төмен Innocence of Muslims («Мұсылмандардың пәктігі») фильмінде мұсылмандардың пікірінше, Мұхаммед Пайғамбар өңсіз көрсетілген. Осы орайда бұл Таяу Шығыс және Африканың оннан астам мемлекетінде наразылық акцияларын тудырды.
Нарызылық білдірушілер АҚШ-тың дипломатиялық өкілдіктерін басып кіруде, сондай-ақ америкалық туды өртеп жатыр.
Innocence of Muslims фильмі 11 қыркүйектегі терактіге орайластыра АҚШ-та түсірілген. Лентанның жарыққа шығуына даулы американдық пастор Терри Джонс қатысқан. Бұдан бұрын ол мұсылмадардың қаситетті кітабы - Құранды өртеу әрекетін жасаған еді.