«Мұсылмандардың пәктігі» фильмінің авторын ұстағанға қомақты қаржы тағайындалды

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Пәкістанның Темір жол министрі Гулам Ахмад Билур

«Мұсылмандардың пәктігі» фильмінің авторын ұстағанға қомақты қаржы тағайындалды

(Ghulam Ahmad Bilour) көпшілік алдында «Мұсылмандардың пәктігі» анти-исламдық фильмінің авторын өлтіргенге 100 мың АҚШ долларын беретіндігін мәлімдеді. Бұл туралы BBC Жаңалықтары хабарлады.

Жоғары лауазымды шенеуніктің сөзіне қарағанда, ол  бұл қаржыны өз қалтасынан төлейтін болады. Ол сондай-ақ егер алдағы уақытта да осыған ұқсас картиналар түсірілетін болса, олардың авторларын ұстау үшін өз есебінен ақшалар бөлуді жалғастыра беретіндігін мәлім етті.

Ахмад Билур батыс елдерді сөз бостандығын желеу етуді тоқтатып, Мұхаммед Пайғамбарға тіл тигізуге заңды негізде тыйым салуға шақырды.

Шенеунік бұл сөздерді Пәкістанда атышулы фильмге наразылық бідірушілер мен полицияның қақтығысы болған күннен кейін - сенбіде айтты. Қақтығыс барысында 20-ға жуық адам мерт болды.

Айта кетейік, Пәкістан үкіметі министрдің бұл сөздерін айыптады. Ел премьер-министрінің баспасөз хатшысы Шавкат Джалиль (Shafqat Jalil) атап өткендей, Билур билеуші партияның мүшесі болса-дағы, ол картинаға қатысты пікірлерін тек өз атынан ғана білдірді. Ол сондай-ақ Пәкістанның ресми билігі министрдің бұл ұстанымын бөліспейтіндігін мәлім етті.