Мұсылмандарға шетелдік қыздарға үйленуге тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының билігі шетел қыздарымен некелесуге тыйым салды, деп жазады «Мекке» жергілікті газеті. Сауд азаматтары енді тек Чад, Пәкістан, Мьянма мен Бангладеш азаматшаларына ғана үйлене алады. Полицияның мәліметтері бойынша, бұл жерлердегі азаматшалардың саны жарты миллионнан асып отыр.

Мұсылмандарға шетелдік қыздарға үйленуге тыйым салынды

Үйлену ережесі бойынша күйеу жігіт кем дегенде 25 жаста болу керек. Ал егер оның бірінші әйелі болса, онда ол екінші әйел алуы үшін салмақты себеп болу керек: егер бірінші әйелі обырмен немесе Паркинсон ауруымен ауырса,бедеу болса ғана екінші рет үйлене алады. Ал ажырасатын жағдайда, ер адам неке бұзылғаннан кейін жарты жылдан соң ғана қайта үйлене алады.

Сауд Арабиясы - абсолютті монархиялы ел, ол жерде заң шариғатқа негізделіп жасалған. Әр Сауд азаматының өміріне қатал регламент белгіленген: алкогольді ішімдік ішуге, есірткі пайдалануға тыйым салынған. Ал зинақорлыққа барғандар өлім жазасына кесілуі мүмкін.