Мұз көшкіні: Алматыда Есентай өзені жағасына каскад салынады

алматы
Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев Есентай өзенінің жағасында каскад жүйесін салу жобасымен танысты.

Мұз көшкіні қайталанбас үшін Есентай өзенінде ұзындығы 2 шақырым жасанды сарқырама мен каскадтар құру жоспарланған болатын.

Бұл ағынның жылдамдығын төмендетуге және канал қабырғаларында мұздың тез жиналуының алдын алуға көмектеседі.

2022-2023 жылдары өзеннің жағасында екі мәрте жергілікті мұз-су тасқыны болды.

Салдарын жою үшін Жамақаев көшесінен әл-Фараби даңғылындағы су қабылдағышқа дейін Есентай өзенінің арнасы мұз шөгінділерінен механикалық тазартылды. 

5 мың текше метр қар шығарылды, зақымдалған қоршаулар қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, өзеннің жағасы әл-Фараби даңғылынан бөлгішке дейін нығайтылды.

Сондай-ақ, жобаға сәйкес үздіксіз мұз қабаты пайда болмас үшін мұзға қарсы құрылыстарды — мұзжарғыш немесе мұзжарғыш плита орнату ұсынылады. 

Және өзеннің жылдам ағатын учаскелерінде жасанды кедір-бұдыр жасау көзделген. 

есентай
Фото: Алматы әкімдігі

Жобаның мерзімі — осы жылдың желтоқсан айы.

Аудан тұрғындарымен жүздесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев каскадтар салу бойынша жобаны жүзеге асыру өзендегі анжыр жүру мәселесін шешетінін атап өтті. 

Ең бастысы, тұрғындардың қауіпсіздігі екенін қадам айтты. Мәселен, Есентай өзенінде каскадтар салу жұмыстары осы жылдың мамыр айында басталып, қыста аяқталады.

Бұған дейін ауа температурасының ауытқуына байланысты Есентай өзенінің жағалауында мұз көшіп, қоршауды бұзған еді.

Жақында буырқанып аққан Есентай алматылықтарды алаңдатып қойды. 

Айта кетейік, қала арқылы Ақсай, Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы өзендері ағады. Жауын-шашынға байланысты өзендерде су шығынының шамалы ғана көтерілгені байқалады, сондай-ақ көлбеу ағынға байланысты судың лайлануы 2 баллға дейін артуы мүмкін.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінен атап өткендей, қазір қалада «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің 10 гидропосты жұмыс істейді.

есентай
Фото: Алматы әкімдігі

Олар тәулік бойы өзендердегі гидрометеорологиялық жағдайды бақылап отыр.

«Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында 300-ден астам адам өзен бойын қоқыстан тазартып, жағалаудағы серуендеу жолдары мен гүлзар қоршауларын және орындықтарды сырлады. 

Жұмыс Абай даңғылынан Райымбек батыр даңғылына дейінгі жағалау учаскесін қамтыды. 

есентай
Фото: Алматы әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар