Мұз ойылып, он жасар мектеп оқушысы суға батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Ленинск-Кузнецкийде Кузбасс полициясының қызметкерлері жексенбі күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған мектеп оқушысын іздеуде, деп хабарлады ІІМ облыстық басқармасының баспасөз қызметі.
None
None

 ТК деректеріне сәйкес ер бала досымен өзенге барған кезінде мұз ойылып, суға батып кеткен.

«Ата-анасы баланы өздері іздеп, табуға тырысқан. Еш нәтиже болмаған соң, полицияға жүгінген. Қалада дереу іздеу шаралары ұйымдастырылды», - делінген ІІМ хабарламасында.

Ведомствоның деректеріне сәйкес баланы іздеуге 100-ден астам полиция қызметкері тартылған. 

Соңғы жаңалықтар