«Муз-ТВ 2015. Гравитация» сыйлығын табыстау рәсімін жүргізетін қазақстандық жүргізушінің есімі құпия сақталып отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Муз-ТВ 2015. Гравитация» сыйлығын табыстау рәсімі «Қазақстан», «МУЗ-ТВ» және «Ю» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ресейлік «Муз-ТВ» телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияров айтты.
None
None

«Муз-ТВ 2015. Гравитация» сыйлығын табыстау рәсімі Астанадағы Астана-Арена стадионында 5 маусым күні кешкі сағат 9-дан түнгі сағат 1-ге дейін өтеді. Ол «Қазақстан», «МУЗ-ТВ» және «Ю» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Билеттер құны 1000-5000 теңге аралығында болады», - деп атап өтті ол.

А. Дәулетияровтың айтуынша, шараны Максим Галкин, Ксения Собчак, Лера Кудрявцева және Андрей Малахов жүргізеді. Ал Қазақстан тарапынан жүргізушілердің бірі Нұрлан Қоянбаев болмақ. Ал оның серігі кім болатыны әзірге құпия сақталуда.

Соңғы жаңалықтар