«МУЗ-ТВ» рәсімінде «Қазақстанның үздік әртісі» аталымын Қайрат Нұртас жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Қайрат Нұртас "МУЗ-ТВ. Гравитация" рәсімінде «Қазақстанның үздік әртісі» аталымын жеңіп алды.

«МУЗ-ТВ» рәсімінде «Қазақстанның үздік әртісі» аталымын Қайрат Нұртас жеңіп алды

«Қазақстанның үздік әртісі» атағына Қайрат Нұртас, Әли Оқапов, Нұрлан Абдуллин, Жанар Дұғалова ұсынылған болатын.

Айта кетейік, осыған дейін ресейлік белгілі тележүргізуші Андрей Малахов ОКҚ-да өткен брифингте «МУЗ-ТВ» шарасының «Қазақстанның үздік әншісі» аталымында Қайрат Нұртастың жеңгенін қалайтындығын айтқан еді.

«Мен Қайрат Нұртастың жеңгенін қалаймын. Сонда ғана ресейліктер оның әндерімен таныса алады», - деген еді ол.