МУЗ ТВ шоуы қызыл кілемнен басталды (ФОТО, ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 35 мыңдық «Астана-Арена» стадионында «МузТВ: Гравитация» сыйлығын табыс ету шоуы басталар шақ алыс емес.

МУЗ ТВ шоуы қызыл кілемнен басталды (ФОТО, ВИДЕО)

Салтанатты шараға Қазақстан мен Ресей шоу-бизнесінің бомонды ағылуда. Онда келген ресейлік және отандық әртістер алдымен қазақ музыкасының сүйемелдеуімен «қызыл кілеммен» жүріп өтпек.

Алдымен қызыл кiлем үстiмен шоу жүргiзушiлерi Максим Галкин, Ксения Собчак, Лера Кудрявцева, Андрей Малахов, Қазақстан тарапынан жүргізушілер - Нұрлан Қоянбаев пен Әсел Сағатова жүрiп өттi.

Қазіргі заманғы, сапалы музыканы сүйетін жұртшылық «қызыл кілем» үстінен Қазақстан мен Ресейдің 50-ден астам танымал әртісін: Дима Билан, Глюк'оZа, Джиган, Юля Савичева, «M-BAND», Бьянка, «Дискотека Авария», Ирина Дубцова, Митя Фомин, «Градусы», «Банд'Эрос», «Пицца», «Фабрика», Виктория Дайнеко, Анна Семенович, Сати Казанова, Томас Nevergreen, Стас Костюшкин, Александр Ревва, SWANKY TUNES, Доминик Джокер сынды әншілерді көре алады.

Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырған бұл музыкалық думанда «Үздік орындаушы» аталымында Дима Билан, Филипп Киркоров, Сергей Лазарев, Валерий Меладзе, және Григорий Лепс бар. Ал үздік орындаушы қыздардың арсында Ани Лорак, Полина Гагарина, Нюша, Вера Брежнева және Ёлка өнер көрсетеді. «Үздік поп-топта» «А-Студио», «Банд'Эрос», «Дискотека авария», «Градусы» және «Серебро» ұсынылған. «Жыл серпіні» аталымында - Егор Крид, M-Вand, Никита Пресняков жәнек Multiverse тобы,, Наргиз, IOWA. Сондай-ақ «Үздік альбом», «Үздік хип-хоп жоба», «Үздік рок-топ», «Үздік ерлер видеосы», «Үздік концерттік шоу», «Үздік видео» аталымдары бар.

Биылғы жылы МУЗ-ТВ Қазақстаннан «Жылдың үздік әртісі» бөлек аталымын белгіледі. Бұл бәсекеге Жанар Доғалова, Қайрат Нұртас, Нұрлан Абдуллин, «МузАрт» тобы және Әли Оқапов қатысуда.

Салтанатты жүргізушілер Максим Галкин, Ксения Собчак, Лера Кудрявцева және Анрей Малахов. Қазақстан тарапынан жүргізушілердің бірі Нұрлан Қоянбаев және Әсел Сағатова.

Финалдық «Астана» әні елорда күніне орай арнайы жазылды, МУЗ-ТВ» сыйлығын тапсыру салтанатында ол қазақ және орыс тілдерінде орындалады. Оны Иосиф Кобзон, Валериямен, Сати Казановамен, ГлюкоZамен және Наргизбен бірге орындайды. Олармен бірге қазақстандық әртістер Роза Рымбаева, Әли Оқапов және Қайрат Нұртас ән шырқайды.

«МузТВ сыйлығы алғаш рет Мәскеуден тыс жерде өткізіліп отыр. Оның аясында Муз-ТВ телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияровтың бастамасымен және қайырымдылық ұйымдарының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балалар үшін бірқатар әлеуметтік акциялар өткізілді.

Айта кетейік, бұл шоуды жүз миллионнан астам телекөрермен «Қазақстан», «МузТВ» және басқа да ресейлік федералды, ұлттық телеарналар арқылы тамашалайтын болады. «МУЗ-ТВ сыйлығы» - шоу-бизнестегі маңызды, ауқымды және беделді оқиғалардың бірі. Оны 2003 жылдан «МУЗ-ТВ» арнасы ұйымдастырып келеді. Жеңімпаздар көрермендердің және академиктердің дауыс беруі арқылы анықталады. «МУЗ-ТВ» сыйлығын марапаттау шарасына әлемдік деңгейдегі жұлдыздар шақыртылды.