«Муз-ТВ» сыйлығының декорациясы Никита Пресняковтың үстіне құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал әртістер Владимир Пресняков пен Кристина Орбакайтенің ұлы Никита Пресняков «Муз ТВ» сыйлығы декорациясының қасында селфи жасамақшы болғанда, құрылғы құлап кетті.
Салдарынан Никита басы мен қолы жарақаттанды, деп хабарлады Вести.ру.
"Русская служба новостей" әншінің продюсері Матвей Аничкин хабарлағандай, абырой болғанда декорацияның астында қалған Никитаның миы шайқалып, не болмаса бір жері сынған жоқ. Кіші Пресняков тобының құрамындағы скрипкашы да басынан жарақаттанды. Зардап шеккендердің бәрі де ауруханадан шықты.
Продюсердің айтуынша, 7 маусымда ол сахнаға шығуды жоспарлауда. Оқиға орнында зардап шеккен Алла Пугачеваның немересі де ауруханаға жеткізілген. Құрылғының құлауына нөсер жауын мен қатты жел себеп болған. Пресняков декорацияның жанында селфи жасамақшы болғанда, құрылғы құлап кеткені нақтыланды. Ол өзінің Instagram-дағы парақшасына былай деп жазды: «Қалай болғанда да селфиге түсіп үлгердік. Дәл сол декорацияның жанында. Алайда жағдайым жақсы... қалай аман қалғаныма өзім де таңмын... Періштелерім жебеген ғой. «Муз ТВ-ға» тамаша ұйымдастырылғаны әрі қауіпсіздігі үшін рахмет».