«Муз-ТВ» сыйлығының жұлдыздары Астанада «Балаларға бақыт сыйла» акциясына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Муз-ТВ 2015. Гравитация» сыйлығын табыстау рәсімінің жұлдыздары Астанада «Балаларға бақыт сыйла» қайырымдылық акциясына қатысады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ресейлік «Муз-ТВ» телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияров айтты.
None
None

«4 маусым күні Астанаға «Муз-ТВ 2015. Гравитация» сыйлығын табыстау рәсіміне қатысатын жұлдыздардың алғашқы легі келе бастайды. Олар осы күні «Дара» және «Аяла» қорлары ұйымдастыратын бірнеше әлеуметтік-қайырымдылық шараларына қатысады», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, шара аясында Диана Гурцкая, Ирина Дубцова, Митя Фомин, Сати Казанова, Арсений, Никита Пресняков, Tomas Nevergreen, және «Градусы», «Дискотека Авария», М-Band, «А-Студио», «ВиаГра», «Время и Стекло», Бьянка топтары және тағы да басқа көптеген жұлдыздар елордадағы жетім балалармен, тұрмысы нашар отбасыларының балаларымен, мүгедек балалармен кездеседі.

«Олар бір күн бойы балалармен бірге болып, олармен бірге ән айтып, сурет салып, бар өнерлерін көрсететін болады. Яғни бір сөзбен айтқанда, олар балаларға бақыт сыйлайды», - дейді А. Дәулетияров.

Соңғы жаңалықтар