«МузАрт» тобының 15 жылдыққа байланысты құпия жоспарлары белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «МузАрт» тобының продюссері Ерлан Жүнісбай әншілердің жаңа 2017 жылды қалай қарсы алғалы отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«МузАрт» тобының 15 жылдыққа байланысты құпия жоспарлары белгілі болды

«Жаңа жылда жігіттер отбасымен болмақ. Бұл, жалпы, біздің принципті ұстанымымыз. Жұмыс істемейміз», - деп кесіп айтқан Ерлан Жүнісбай топтың Жаңа жылдан кейінгі жоспарымен де бөлісті.

«Жаңа жылдан кейін біз топтың құрылғанына 15 жыл толуына байланысты 2 айға демалыс жариялап отырмыз. Наурызға дейін. Бұл уақытта «МузАрт-Лайф» мега-жобасының жеңімпаздарымен жұмыс жасап, жаңа әндер жазамыз», - деді ол.

Сөз соңында Ерлан Жүнісбай «ҚазАқпарат» оқырмандарын Жаңа жылмен құттықтап, сәттілік тіледі.