Мұздан жасалған музыкалық аспаптармен концерт қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Егер сіз ерекше музыкалық аспаптарды ұнатсаңыз, норвегиялық өнерпаз Терье Исунгсет сізді таң қалдыра алады. Оның шағын оркестріндегі музыкалық аспаптардың барлығы мұздан құйылған, деп хабарлайды euronews .
None
None

Бір ғана кедергі - концерт өтетін жердің температурасы минус он градустан төмен болмауы керек.

«Бұл жердегі ерекшелік менде емес, ерекшелік  - аспаптарымның басты элементтері - су мен мұзда. Біздің денеміздің басым бөлігі судан тұрады. Әлемде қаншама адам су тапшылығын сезінуде.  Ғаламдық жылынудан, мәңгі тоң қабаттары еріп, мұздықтар құрып кетудің алдында тұр»,-дейді музыкант Терье Исунгсет.

Мұз-оркестрдің соңғы концерттерінің бірі Лондонда өтті. Ал аспаптардың барлығы Норвегиядан Лондонға арнайы контейнерлермен жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар