Мұздатылған көкөністер мен жемістер жаңа піскендерден пайдалы - ғалымдар

Зерттеулер нәтижесінде ғалымдар брокколиден бастап қара жидекке дейін мұздатылған көкөністер мен жемістерде пайдалы нәрлі заттар басым екенін анықтады.
Үш жағдайдың екеуінде мұздатылған өнімдерде антиоксиданттық қосылыстар, соның ішінде С дәрумені, полифенол, антоциан, лютеин және бета-каротин артық болған. Бұл заттарды тұтыну пайдалы болып саналады және қатерлі ісіктің алдын алады.
Азық-түлік өнімдерін зерттеу қауымдастығының және Честер Университетінің екі тәуелсіз ғалымдар командасы үш күн ішінде тоңазытқышта сақталған өнімдер құрамындағы пайдалы нәрлі заттармен 40 тест өткізген.
Тест нәтижесі құрамында дәрумендер мен антиоксиданттар көп болғандықтан, «жаңа піскен өнімдерге» қарағанда, мұздатылған жемістерді ас мәзіріне пайдаланған дұрыс екенін көрсетті.