18:14, 24 Тамыз 2014 | GMT +5
Мұздық астындағы жанартау атқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Исландияның орталық бөлігіндегі мұздық астында Бардарбунга жанартауы атқылады, деп хабарлады 24.kz.

Билік авиацияға әсер ететін қауіпке байланысты мұздық үстінен өтетін рейстерге толық тыйым салды. Себебі6 жанартаудың атқылауы кез келген уақытта басталып кетуі мүмкін. Осы аптаның ішінде жанартау маңында 300-ге жуық жерасты дүмпулері тіркелген. Жалпы Бардарбунга - Исландияда мұздықтың астында жатқан ең үлкен жанартау жүйесі. Билік жанартаудан 300 шақырым жердегі Рейкьявик елдімекенінің тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшірді. Айта кетейік, Исландияда 2010 жылы жанартау атқылауынан күллі Еуропада бір апта бойы әуе қатынасы тоқтатылған болатын. 10 миллионнан астам адам жолдан қалып, әуе тасымалдаушы компаниялар 2 миллиард долларға жуық шығынға батқан.