«Mузей ҒEST -2021» республикалық онлайн байқауының жеңімпаздары анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Mузей FEST-2021» республикалық онлайн акциясының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Mузей ҒEST -2021» республикалық онлайн байқауының жеңімпаздары анықталды

Шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтті.

Акцияны «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМКҚ, «Ұлы Дала» отандық компьютерлік техника өндіруші компаниясы ұйымдастырды.

Байқаудың 1, 2, 3 орын және «Жеңіске деген ынта» жүлдесінің иегерлері анықталды.

«Үздік экскурсовод» номинациясы бойынша:

І орын – Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі, экскурсоводы – Айдана Мекемова;

ІІ орын – Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі, экскурсоводы – Гүлден Аққошқарова;

ІІІ орын – «Атамұра» КМҚК Жылыой аудандық музейі, экскурсоводы – Алтынгүл Тұрсынова;

«Жеңіске деген ынтасы үшін» - Түркістан қаласы, «Ұлы Дала Елі» орталығы, экскурсовод – Әмина Егізбаева мараптталды.

«Үздік ғылыми қызметкер» номинация бойынша:

І орын - Карағанды областық өнер музейінің ғылыми қызметкері – Айгүл Омарова;

ІІ орын - Қызылорда облысы Қорқыт ата музейінің ғылыми қызметкері – Олжас Биғалиев;

ІІІ орын - С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтың әдеби-мемориалды музей кешені, ғылыми қызметкері – Назгүл Алтаева;

«Жеңіске деген ынтасы үшін» - Ақмола облысы, Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері Балым Серікқызы марапатталды;

«Үздік ауылдық музей» - Маңғыстау облысы мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Серікбол Қондыбай атындағы «Мемориалдық музейі» МКҚК жеңімпаз деп танылды.

Жеңімпаздар Алматы телеарнасының «таңғы студия» бағдарламасында марапатталды.